04.02.2017
«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, жаңа Салық кодексін әзірлеу кезінде әкімшілендіруді түбегейлі өзгертіп, оны түсіну үшін барынша қарапайым етсін. Осы жұмыс аясында салық жеңілдіктерінің ревизиясы жүргізілсін. Бұрын біріктірілген Салық және Кеден кодексін әзірлеу жоспарланған болатын, алайда, Президенттің тапсырмаларына сәйкес, ұлттық экономика және қаржы министрліктеріне Салық және кеден кодекстерін бөлек әзірлеу қажет», - деп хабарлады Б. Сағынтаев.
Премьер-Министр Президенттің қатысуымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы тарапынан салық органдарының қызметіне қатысты көп ескертулердің болғанын айтты.
«Бұл негізсіз тексерулерге және салық заңнамасын практикада қолданудың қиындығына қатысты. Бизнес тексерулерін оңтайландыру үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысын қайта құру қажет. Бас прокуратурамен бірлесіп, негізсіз ашылған істер бойынша мәселені бір ай ішінде қарап шығуды тапсырамын. Мұндай істерді ашқан адамдар жазаға тартылуы тиіс», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.
Қайрат Жандыбаев