04.02.2017
«Жуық арада сатып алу басталады. Жедел жұмыс жасау қажет. Қаржы министрлігіне бірінші тоқсанның соңына дейін тиісті заң жобасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Б. Сағынтаев.
Министрлер кабинетінің басшысы хабарлағандай, сатып алу бірыңғай электрондық алаңда электрондық форматқа ауыстырылуы тиіс.
«Бұл сатып алулар отандық өндірушілер үшін барынша қолжетімді болатындай етіп пайдаланылуы қажет бірыңғай электрондық алаңда электрондық форматқа ауыстырылуы тиіс», - деді Б. Сағынтаев.
Сондай-ақ, ол инвестициялар және даму, қаржы министрліктеріне «Атамекен» ҰКП-мен және ұлттық холдингтермен бірлесіп, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушыларды қоса алғанда, барлық дерекқорларды біріктіре отырып, сатып алу және өндірушілер бойынша бірыңғай ІТ-тұғырнамасын құруды тапсырды.
«Квазимемлекеттік сектор компаниялары жоғары тұрған ұйымдарға, өздерінің ішкі қағидаларына сілтей отырып, қазақстандық қамтуды ұлғайту бойынша талаптарға қарама-қайшылық көрсетеді. ДСҰ-ға кіру сатып алудағы қазақстандық қамтуды ұлғайтуға қарама-қайшы келмейді», - деді Б. Сағынтаев.
Қайрат Жандыбаев