• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Кәсіпорындарды жекешелендіру  2018 жылдың соңына дейін аяқталады 04.02.2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың экономиканың түрлі салаларындағы кемшіліктерді жоюға байланысты берген тапсырмаларының негізінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті алға қойған міндеттерді орындауға байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, Үкіметке 2018 жылдың соңына дейін кәсіпорындарды жекешелендіру жұмыстарын жеделдетіп, аяқтау тапсырылды.

«Ұлттық экономика министрлігі биылғы жылдың 1 наурызына дейін Үкіметтің 2018 жылға дейін жекешелендіруге жататын нысандардың нақты тізімін бекіту бойынша жоба шешімін шығаруы тиіс», - деді Премьер-Министр Б. Сағынтаев.

Үкімет басшысының сөзіне келсек, нысандардың басым бөлігі биыл өткізілуі тиіс. Қаржы министрлігі аталған жұмыстың ай сайынғы кестесін бақылауда ұстауы қажет.

«Кез-келген түрде кестеден кешіккен жағдайда шара қолданылатын болады», - деді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев.

Бұдан өзге, Мемлекет басшысы мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік секторда қалатын нысандардың толық тізімін әзірлеуді тапсырды.

Осы орайда, Бақытжан Сағынтаев ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовке Yellow pages rules қағидаларына сәйкес келмейтін, аталған тізімдерге кірмейтін нысандарды жоюды тапсырды. Бұл жұмыс 1 наурызға дейін аяқталуы тиіс.

 

 


Back to the list