04.02.2017
«Үкіметтің кешегі отырысында Мемлекет басшысы бірқатар ескертулер айтып, нақты тапсырмалар берді. Бүгін біз осы тапсырмаларды іске асыру үшін бағыттарды анықтап, тиісті шешімдер қабылдауымыз қажет», - деді Б. Сағынтаев.
Премьер-Министр мәлімдегендей, қазір әзірленіп жатқан 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басты мақсаты ұзақ мерзімді даму кезеңінде экономиканың өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
«Мемлекет басшысы айтып өткендей, бізде қол жеткізу үшін мүмкіндіктер мен экономика әлеуеті жеткілікті», - деді Б. Сағынтаев.
Премьер-Министр барлығын тапсырмаларды жедел тәртіпте орындауға шақырды.
«Біз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша күрделі жұмыс атқаруымыз қажет. Барлығын оларды нақты іске асыруға жедел түрде кірісуге шақырамын», - деп қорытындылады Б. Сағынтаев.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет отырысында Президент бірқатар ескертулер айтып, нақты тапсырмалар берген болатын.
Қайрат Жандыбаев