31.01.2017
Еске салсақ, алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев таяу болашақтағы ел дамуының негізгі басымдықтарын белгілеген Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдаған болатын.
Б. Сағынтаев жаңа индустрияларды дамытумен бірге Президент дәстүрлі базалық салаларды одан әрі дамыту міндетін алға қойғанын атап өтті. Мұнда негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін жаппай енгізу болып табылады.
«Бұл автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, бұлар өз кезегінде еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. «Индустрия 4.0» элементтерін практикалық енгізу бойынша, оның ішінде экономиканың өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық секторларындағы пилоттық жобаларды жүзеге асырудағы негізгі бағыттарды анықтау қажет. Инвестициялар және даму, энергетика, ауыл шаруашылығы министрліктеріне базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандырудың 2025 жылға дейінгі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын», - деді Б. Сағынтаев.
Сонымен бірге, Премьер-Министр Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде шикізаттық емес экспортты 2025 жылға қарай екі есеге ұлғайту міндеті тұрғанын баса айтты. Президент экспортты дамыту және ілгерілету құралдарын бір ведомствода шоғырландыруды тапсырды. Ол үшін экспортты қолдаудың барлық шараларын «бір терезе» қағидасы бойынша шоғырландыру керек.
Бұдан өзге, Б. Сағынтаев қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарға ілгерілету кезінде сауда кедергілерін мониторингілеу және жою бойынша жұмысты жандандыру керектігін атап өтті. Осыған байланысты Инвестициялар және даму министрлігіне сәйкес ұсыныстар, оның ішінде Үкімет жанынан Экспорттық саясат жөніндегі кеңес құру бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Бұдан өзге, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Экпорттық стратегияны қабылдау қажет.