27.01.2017
Primeminister.kz кеңес барысында республикалық меншіктегі он екі нысанды, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ үш ірі нысанын және «ҚазАгро» АҚ үш нысанын бәсекелі ортаға беру бойынша 2016-2020 жылдарға арналған жол карталарын іске асыру барысы талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға және ұлттық басқарушы холдингтерге ТОП нысандар бойынша нақты тәсілдемелер әзірлеуді жеделдетуді тапсырды.
Анықтама: Еске салсақ, Жекешелендірудің 2014-2020 жылдарға арналған жоспарына сәйкес бәсекелі ортаға беруге жекешелендірудің екінші толқынының 1 040 нысаны ұсынылады, оның ішінде 2014-2017 жылдарға 718 нысан, олардың 400-і өткізілді.