10.01.2017
Primeminister.kz хабарлағандай, ҚР Премьер-Министрі ҚР ІІМ-іне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп көпқабатты тұрғын үйлердегі, әсіресе, білім және әлеуметтік сала нысандарындағы барлық жылу қазандықтарына тексеру жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, Б. Сағынтаев жылумен қамту нысандарының пайдаланылуы мен техникалық күйін бақылау мен қадағалау функцияларын күшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминге осы жұмыстарды үйлестіру және аталған мәселелерді шешу үшін жүйелі шараларды әзірлеу үшін жедел жұмыс тобын құру тапсырылды.