• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
11 айдың ішінде ауыл шаруашылығына түскен инвестиция өсімі  228 млрд теңгені құрады 20.12.2016

«Ауыл шаруашылығы үстіміздегі жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өсу көрсеткіштерімен сипатталып отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,4 трлн. теңгені құрап, нақты индекс көлемі бойынша 4,5% өсіп отыр», – деп хабарлады Қ.Айтуғанов.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығының инвестиция көлемі 48%-ға артып, 11 айдың қорытындысы бойынша 228 млрд. теңгені құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 148 млрд. теңгені құраған болатын.

Астықтың жалпы жиыны 23,7 млн. тоннаны құрады, ол былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 млн. 900 мың тоннаға артық. Орташа түсімділік гектарына 15,4 центнерге жетіп отыр.

Сондай-ақ, биыл 3,6 млн. тонна көкеніс пен 2,2 млн. тонна бақша дақылдары жиналды. Бұл былтырғы жылдан 511 мың тоннаға артық.

Мал шаруашылығында орташа алғанда мал басы саны 1,3%-ға артып, ет өндірісі 3,5%-ға, сүт – 3,1%-ға ұлғайды.

Соңғы 20 жылда бірінші рет Солтүстік Қазақстан облысында қант қызылшасы отырғызылып, 350,0 ц/га түсімділікпен 14 мың тонна өнім жиналды. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 15%-ға жоғары.

Қайрат Айтуғанов айтып өткендей, осы жыл түсімі мол жыл болды. Келер жылы осы өнімділікті ұлғайту жоспарланып отыр.

Ботагөз Айтжанова 


Back to the list