20.12.2016
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылдың 11 айында 435 млрд теңге немесе 92 пайыз қаржы игерілді. Республикалық деңгейде 99,9 пайызға орындалу күтілуде. 0,5 млрд теңге игерілмейді: ҰЭМ – 235,6 млн теңге, БҒМ – 130,9 млн теңге, ДСӘДМ ЖҚО жобалары бойынша – 109,3 млн теңге.
Жергілікті органдар 215,5 млн теңгені игерді, немесе 94,5 пайыз. Игерілмеген қаржы – 12 млрд теңге.
Ең көп игерілмей қалған қаржы көлемі Маңғыстау облысында 1,4 млрд теңге, Ақтөбе облысында 1,3 млрд теңге, Алматы мен Ақмола облыстарында 1,2 млрд теңгеден, Атырау облысында 1,1 млрд теңгеден болды.
Министрдің айтуынша, игерілмеудің басты себептері өндірістік жұмыстың кестесінен қалып қою болып таблылады.
«Мемлекеттік құнды қағаздардың жариялануынан түскен қаражаттың 87,4 пайызы немесе 25, млрд теңгесі игерілді. Жыл соңына дейін 13 млрд теңгені игеру қарастырылған. Республикалық бюджет кірісі 100 пайызға, шығыстар 98,6 пайызға орындалады. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 99,9 пайызы орындалмақ», - деді Б.Сұлтанов.
Ботагөз Айтжанова