20.12.2016
«Мемлекеттік бюджет шығыстары 9 трлн теңгеге жетіп, 20%-ға өсті. Игеру қарқыны өткен жылғы көрсеткіштерден жақсы. Мемлекеттік бюджет бойынша игеру бір жыл бұрын болған көрсеткіштерден 0,5%-ға, республикалық деңгейде 1,5%-ға жақсы қалыптасты. Алайда, жергілікті бюджеттер бойынша игеру өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 0,5%-ға төмен», - деді Б. Сұлтанов.
Оның айтуы бойынша, жалпы мемлекеттік бюджет шығыстары - 97,0%-ға, республикалық бюджет - 98,2%-ға және жергілікті бюджеттер 96,6%-ға атқарылған.
«Жыл қорытындылары бойынша республикалық бюджет шығыстарының орындалуы 98,6% шегінде күтілуде. Әкімшілер 129 млрд теңгені атқарудың мүмкін еместігін мәлімдеді. Осы ретте, атқарылмаған қаражаттың жалпы сомасының 90%-ынан астамы Үкіметтің пайдаланылмайтын резервін құрайды - 90 млрд теңге және үнемдеуге - 32 млрд теңге, олар бюджет заңнамасы бойынша атқарылмаған болып саналмайды. Игермеу 7,5 млрд теңгені құрайды. Бұл өткен жылғы деңгейге тең - 7,8 млрд теңге», - деп қосты министр.
Осы ретте жергілікті бюджеттердің шығыстары 3 830,8 млрд теңге сомасына немесе есепті кезеңдегі жоспардың 96,6%-ына 3 963,8 млрд теңге сомасында жүргізілген. Атқармау 133 млрд теңгені құрайды.
Ботагөз Айтжанова