• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қаржы министрлігінде 11 ай бойынша  бюджеттің барлық деңгейіндегі жоғарғы өсімі аталып өтті 20.12.2016

«Мемлекеттік бюджеттің  11 айдағы орындалуы  бюджеттің барлық деңгейі бойынша өсімге ие болды. Мемлекеттік бюджетке  өткен жылдың жылдық көрсеткіші бойынша кіріс түсті.  Мемлекеттік бюджеттің шығыны  1,5 трлн теңгені құрап отыр, ол өткен жылғыдан әлдеқайда көбірек. Қаржы министрлігі меморгандармен бірігіп,  бюджетті  нақтылау бойынша шаралардың орындалуына мониторинг жүргізді. Осы шаралардың нәтижесінде  игеру өткен жылдық көрсеткіштен жақсырақ.  Мембюджетке кіріс  5,8 трлн теңгені құрады.  Мембюджеттегі  артығымен орындалу 396 млрд теңгені  құрады, республикалық бойынша – 255 млрд,  жергілікті  бюджет бойынша  141 млрд теңгені құрады», - деді Б.Сұлтанов.

Ведомство басшысының айтуынша,  биылғы жылдың  11 айында  өткен жылмен салыстырғанда бюджетке  31,8  пайыз өсім қосылды, республикалық бойынша – 41,1 пайыз, жергілікті  - 13,6 пайызды құрады.

«Мемлекеттік бюджеттің жалпы кірісі  107,3 пайызға орындалды, республикалық-106,6, жергілікті-109,1 пайызды құрады.  Жыл қорытындысы бойынша  салықтық көрсеткіштердің  250-300 млрд теңгеге артығымен орындалуын күтіп отырмыз.  Бұл Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт тартуға мүмкіндік береді.  Сондықтан кіріс 100 пайыздан артығымен орындалады», - деді министр.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list