12.12.2016
Әлеуметтік сала ұйымдарын бәсекелі ортаға беру мемлекет меншігіндегі ұйымдарды коммерцияландырудың екінші кезеңінде мүмкін болмақ, деп хабарлады primeminister.kz
Қаржы министрінің айтуынша, алғашқы кезеңнен кейін мемлекет меншігінде 5 991 ұйым қалады. Оның жартысына жуығын немесе 42% -ын балабақшалар құрайды. Бестен бір бөлігін ЖОО-лар, колледждер, қосымша білім беру ұйымдары құрайды. 13 % -ы емханалар мен ауруханалар, 8,5%–ы театр, музей, мәдениет үйлері. Қалған ұйымдар – монополия, БАҚ, ветеринарлық ұйымдар және т.б.
«Негізгі бөлігін әлеуметтік сала ұйымдары құрайды. Оларды бәсекелі ортаға беруді коммерцияландыру мәселесі, ЖОО-ларды реформалау аяқталғаннан кейін мүмкін болады деп санаймыз. Сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпорындар бюджеттік бекіту - жаңа ұйымдастыру-құқықтық формасы енгізілгеннен кейін айтарлықтай қысқаруы тиіс. Оларды одан әрі МЖӘ желісі бойынша беру жеке бизнесті жандандыруға жол ашады», - деп атап өтті Б. Сұлтанов.
Инвентаризациялаудың екінші кезеңінен кейін мемлекет меншігінде 1 400-ге жуық ұйым қалады. Баяндамашы атап өткендей, бизнес балабақшаларды сенімгерлік басқаруға алуға ниет білдіріп отыр.
Министрдің есептеуінше, қабылданған шаралар бюджеттік шығындар мен мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыратын болады.