• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ұлттық экономика министрлігі қоғамды бағаларды бақылауға тартуды жоспарлауда 12.12.2016

Ресми статистика деректері бойынша қарашада инфляция жыл басында 7,5% құраған. 2016 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағалары - 2% (жыл басынан 7,8%), азық-түлік емес тауарлардың бағалары - 0,9% (жыл басынан 8,6%) және ақылы қызметтердің бағалары 0,5% (жыл басынан 6,0%) ұлғайған.

Қарашада әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағалары 11,2% ұлғайған.

Қ. Бишімбаев мәлімдегендей, жалпы, осы жылы бағалардың өзгерістеріне әсер ететін ішкі факторларға: маусымдылық (көкөністер, жұмыртқа, сүт өнімі), табиғи монополиялар тарифтерінің өсуі (қаңтар-қараша жылу - 8,4%, газбен жабдықтау - 10,5%, электр энергиясы - 6,1%), ЖЖМ бағаларының өсуі (қаңтар-қараша АИ-92 - 5,1%, ДТ - 39%) жатады.

Сыртқы факторларға шикізатқа, сондай-ақ биржалық емес тауарларға әлемдік биржалық бағалардың өсуі жатады.

Осыған байланысты, ҚР Премьер-Министрінің ӘМАТ бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, ұлттық экономика министрлігі және жергілікті атқарушы органдар қыркүйек-қараша кезеңінде белгілі бір жұмыс жүргізген.

Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын реттеуді жетілдіруге және олардың негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған бірқатар шараларды ұсынады.

«Біріншіден, сауда объектісінің санатына байланысты сараланған түрде ӘМАТ көтерме және бөлшек саудадағы шекті сауда үстеме бағаларының  мөлшерлерін заңнамалық жолмен бекітуді ұсынамыз. Екіншіден, ай сайын шекті сауда үстеме бағалары негізінде «ұсынылатын бағалардың» есебін жүргізу. Осы енгізілетін жаңалықтар сатушылар үшін де, тұтынушылар үшін де түсінікті баға белгілеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді министр.

Оның айтуы бойынша, «ұсынылатын бағалар» туралы ақпаратқа қолжетімділік кең жұртшылықты нақты бөлшек сауда бағаларын мониторингілеуге және сәйкессіздіктерін анықтауға тартуға мүмкіндік бере отырып, ӘМАТ бағаларын реттеу тиімділігін түбегейлі арттырады.

«Халықты баға белгілеу мониторингіне тарту қоғамдық бақылау тетігін, сондай-ақ бөлшек сауда саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті ол.

Үшіншіден, ведомство «ұсынылатын бағаларды» есептеудің өзектілігі мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін статистика базасында өндірушілер үшін қосымша шығынсыз босату бағалары туралы ақпаратты жинауға  мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе құруды ұсынады.

Төртіншіден, жергілікті атқарушы органдарға «ұсынылатын бағалар» мониторингі бойынша өкілеттіктерді заңнамалық жолмен беру және іс жүзіндегі бағалардың «ұсынылатын бағалардан» жоғары болуы анықталған жағдайда немесе халықтан шағым түскен жағдайда шекті сауда үстеме бағаларының сақталуы үшін сауда объектілерін тексеру түрінде мемлекеттік бақылау жүргізу ұсынылады.  

Осы ретте, бөлшек сауда субъектісі тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган материалды Монополияға қарсы органға жіберуге құқылы.  

Заңнамадағы осы өзгерістер халықтың әлеуметтік жай-күйіне, азық-түлік тауарлары нарығының жағдайына да және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге де оң әсер етеді. «Ұсынылатын бағалар» және әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына шекті сауда үстеме бағаларын белгілеу азаматтарға бағалардың негізсіз көтерілуі фактілері бойынша тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органдарға жүгінуге құқық беретін құқықтық тетік пен бағдар болып табылады», - деп түйіндеді Қ. Бишімбаев.

Индира Қауметова


Back to the list