• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Самұрық-Қазына»  қоры  компаниялардың IPO-ға шығару мерзімін айтты 06.12.2016

«Самұрық-Қазына» Ұлттық  әл-ауқат қоры мемлекеттік комиссиямен компания активтерін  жекешелендіру мерзімін келісті. Сондай-ақ, Қор компаниясының негізгі бөлімі IPO арқылы жекешелендіреді.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша,  2016 жылдың  17 қарашасында экономиканы жаңғырту мәселесі  жөніндегі комиссияның отырысында  ТОП-65 тізімі бойынша  Қордың  18 активін  жүзеге асырудың мерзімі қабылданды. 8 компанияны IPO  арқылы шығару жоспарланған, Оның ішінде  Air Astana, «Қазақтелеком», «Самұрық-Энерго», әлеуетте «Таукен-Самұрық», екі кезеңді  байқауы бойынша  6 компания,  4 компания стратегиялық инвесторлардың тікелей мекенжайлық жобалар бар. Оның ішінде: «Локомотив құрастыру зауыты», «Электровоз құрастыру зауыты», «Тұлпар-тальго», «KTZE - Khorgos Gateway» бар.

Қ.Бишімбаев соңғы нысандар бойынша халықаралық компаниялар мен халықаралық брендтер қатыса алатындығын айтты.

Жалпы, ведомство басшысы айтып өткендей, IPO акцияларын бұқаралық жариялау тек оның құнына ғана емес, оның қызметінің ашықтығына және Астана халықаралық қаржы орталығын дамытуға бағытталған.

Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев компания активтерін жекешелендіру мерзімін айтты. Төраға сондай-ақ, ең соңғы шешім Президентке байланысты екенін айтты.

««Эйр Астана» компаниясы IPO-ны нарықтың дамуына қарай, 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың басында өткізуді жоспарлауда. Нәтижесінде компания қолында дауыс беруші акцияның 25+1 пакеті қалады. Акцияның 51 пайызы қазақстандық инвесторлардың қолында қалуы тиіс деген шешім шығарылды. «Қазақтелеком» компаниясы - ол қазірдің өзінде 49 пайызға жеке меншікте», - деді Ө.Шөкеев.

«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының IPO бағдарламасы 2018 жылы өтеді деп межеленуде және оның 25 пайыз акциясы сатылады. «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO-сы да 2018 жылдың басында өтеді және 25 пайыз акциясы саудаға ышғады. «Самұрық-Энерго» компаниясының IPO-сы 2019 жылы қуаттылық нарығы толық күшіне енген кезде өтеді.

Сатылым көлемі акцияның 25 пайызы деп қарастырылуда. Мүмкін акцияның 51 пайызы саудаға шығарылуы ықтимал. «Қазпошта» IPO-ны 2019 жылы 49 пайызға дейін өткізуі мүмкін. «Қазақстан теміржолы» компаниясы жаңғыртудан кейін IPO-ны 2020 жылы өткізуді жоспарлауда.

«Акцияның сатылымға шығатын көлемі - 25-49 пайыз. Сонымен қатар біз қордың енді ғана өсіп келе жатқан активтері «Қазақ Эйр» мен «Тау-кен Самұрық» компанияларын саудаға шығарамыз», - деді ол. Оның айтуынша, жекешелендіруге жататын қор активтерінің тізімінде 217 нысан бар, оның ірі активтер көрсетілген бірінші бөлігінде 44 нысан бар болса, екіншісінде - 173 актив бар», -  деді ол. 

Ботагөз Айтжанова 


Back to the list