06.12.2016
«Аталмыш облыста тек қана экономикалық жобаларды таңдаған дұрыс. Кезеңдік жұмысты қарапайым МЖӘ формасынан бастау керек. ЕҚДБ жеке инвесторларды тарту мақсатында ҚР өңірлерінде жұмыс істеуге ниетті. Оның ішінде су арналары, орталықтандырылған жылумен қамту, қоғамдық көлік, қатты қалдықтарды өңдеу жобалары бар», - деді Д.Хекман.
Оның аясында ЕҚДБ тарифтік реформа бойынша реттеу органдарымен жеке секторды тарту мен инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында жұмыс істеп отыр.
«Бұл тарифтер халыққа қолжетімді болып отыр. Ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім аясындағы Үкіметтен алынған тең қаржыландыру аясында өте үлкен маңызға ие. Оны жалғастыру қажет», - деді Д.Хекман.
Ол айтып өткендей, Қазақстандағы реформалар өзінің жемісін беруде, Қазақстан биыл «Doing business» Дүниежүзілік банктің рейтінгінде 190 елдің ішінде 35-ші орынға ие болып отыр.
«Қазір аталмыш жұмысты жалғастыра түскен жөн. ЕҚДБ Қазақстан Үкіметімен МЖӘ аясында жұмыс істеп жатыр. Біз Қазақстан жеке инвесторлардың инфрақұрылымға құятын инвестиция алаңы болуы үшін МЖӘ мәселелерін қарастырып жатырмыз», - деді ол.