• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда МЖӘ аясында 326 жоба жүзеге асырылып жатыр – ҰЭМ 06.12.2016

«Аса белсенді аймақ ретінде Шығыс Қазақстан облысын атап өтті, бұл өңір жалпы құны 6,7 млрд теңгеге 11 балабақша бойынша келісімшарттар жасасқан, оның ішінде Семейде 1 290 орындық 5 балабақша мен Өскеменде 1 640 орындық 6 балабақша бар. Сонымен қатар жалпы сомасы 51 млрд теңгеге екі аурухана бойынша конкурс жариялау жоспарлануда», - деді Қ.Бишімбаев.

МЖӘ жобаларын әзірлеу мен даярлау бойынша ауқымды жұмыстар басталып, аймақтардың белсенділігі артып келеді. Бүгінде жалпы сомасы 19,6 млрд теңгеге 27 жоба бойынша келісімшарттар жасалған.

«Конкурсқа дейінгі және конкурс жариялау кезеңінде 68,5 млрд теңге сомасына 27 жоба бар. Тұжырымдамасын әзірлеу/концессиялық ұсыныс кезеңінде тағы 249 жоба тұр», - деді ҰЭМ басшысы.

Алматы облысында 1,5 млрд теңге сомасына 7 сервистік-әзірлеу орталығының жобасы бойынша келісімшарттар жасалып, 1,9 млрд теңге сомасына 3 балабақша бойынша конкурстар жарияланды.

Қ.Бишімбаев айтып өткендей, әр түрлі баптау кезеңінде  326 жоба тұр, оның 303-і өңірлерге бөлінген.

Ақтөбе облысында Мұз сарайы, жедел жәрдем стансасы, офтальмологиялық және стоматологиялық клиникалар мен екі спорт ғимаратын жалдауға қатысты 6 жоба бойынша 9,7 млрд теңге сомасына келісімшарт жасалған.

Ақмола облысында 1,3 млрд теңге сомасына екі балабақша (Степногор қаласы, Ақмол ауылы) бойынша келісімшарттар жасалған. Сонымен қатар жалпы құны 22,9 млрд теңге сомасына балабақшалар, емхана, аурухана мен ТКШ нысандарын реконструкциялау және салуға қатысты 50 жоба бойынша құжаттар әзірленіп жатыр.

 


Back to the list