• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Б.Сұлтанов: 2017 жылы республикалық  бюджеттік инвестицияның  көлемі  898 млрд теңгені құрайды (ФОТО) 06.12.2016

«Қарауға «2017-2019 жылдарға арналған бюджет туралы» Заңын жүзеге асыру туралы» Үкімет қаулысын қабылдау шығарылды. Қаралып отырған жоба  Бюджеттік кодекске сәйкес әзірленді, оның міндеттері: жергілікті органдарға мақсатты трансферт сомасын бөлу. Қаулы жобасы бойынша республикалық  бюджеттік инвестициялардың тізімін енгізу қарастырылған. 2017 жылы  оның жалпы көлемі  898 млрд теңгені құрап отыр. Оның ішінде: республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар – 169 млрд теңге; заңды тұлғалардың капиталына енген мемлекеттің  қатысуымен жүзеге асырылатын  бюджеттік инвестициялар – 56 млрд теңге; жергілікті бюджетке бағытталған мақсатты трансферт – 215 млрд теңге; Ұлттық қордан бөлінетін  мақсатты трансферттерге қаржыландырылатын  қаржылық инвестиция – 342 млрд теңге», - деді Б.Сұлтанов.

Сондай-ақ, министр атап өткендей, республикалық бюджеттік инвестициялардың басым тізімі маңызды  оқиғаларды жүзеге асыруға бағытталады.

2017 жылға арналған  жобалардың құны  140,4 млрд теңгені құрайды. Барлық жобалар  бақылауға алынды.

Б. Сұлтанов айтып өткендей, 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырыстың тізімі 349 млрд теңгенің 124 позициядан тұрады.

Оның айтуынша,  биылғы жылы  384 млрд теңгенің  131 позицияны  құрап отыр.Ерекше маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған басымдыққа ие республикалық бюджет инвестицияларының тізімі бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы трансферттері мен резервтері реттелген.  

Ботагөз Айтжанова

Фото: Шыңғыс Қаппаров 


Back to the list