29.11.2016
«Өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қалаларда кәсіпкерлік қызметті шағын несиелендіруді енгізу, сондай-ақ қалаларда жобаларын жоспарлайтын және іске асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар үшін мемлекет тарапынан шағын несиелерді кепілдендіру көзделген», - деп хабарлады министр.
Осылайша, қалаларда жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың біліктілігін арттыру үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қолданыстағы оқыту құралдары іске қосылған. Бұл кәсіпкерлік, бизнес-тағылымдама негіздеріне оқытудың қысқа мерзімді курстары. Нысаналы индикаторларға сәйкес, жыл сайын 2 500-ден астам қарыз беру жоспарланып отыр, оның 20%-ы старт-ап жобаларды іске асыру үшін берілетін болады.
«Шағын несиелер жаңа кәсіпорындар ашу және қолданыстағы бизнесті кеңейту үшін 6%-ға дейінгі соңғы сыйақы мөлшерлемесімен 16 млн теңгеге дейін беріледі. Операторы - «Даму» АҚ. Шағын несиелерді тікелей беру екінші деңгейлі банктер немесе шағын қаржылық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады», - деп мәлімдеді ведомство басшысы.
Бағдарлама шарттарына сәйкес, кепілдіктер мөлшері жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін – шағын несие құнынан 85%-ға дейін, жұмыс істеп жүргендер үшін 50%-ға дейін құрайды.
«Осы бағыттағы жалпы бюджет 10 млрд теңгені құрайды және бұл 2,5 мың шағын несиені қамтуға мүмкіндік береді деп болжануда», - деп қосты Қ. Бишімбаев.
Индира Қауметова