14.11.2016
«Жалпы, инвесторлар Қазақстанның салық және кедендік заңнамасының айтарлықтай ілгерілегенін атап өтті. Осы ретте, «Салық салу» көрсеткіші бойынша Қазақстанның 3 орынға 57-орыннан 60-орынға төмендегенін атап өту қажет. Біз оны салық жинауға қатысты саясаттың қатаңдатылуымен, сондай-ақ заңнама нормаларының қосарлы түсіндірілуі, салықтық әкімшілендірудің күрделілігі сияқты проблемалармен байланыстырамыз», - деді ол.
Ведомство басшысының айтуы бойынша, инвесторлар атап өткен негізгі проблема – салық төлемеген үшін қылмыстық жауапкершіліктің айтарлықтай төмен деңгейі.
«Осыған байланысты, оның деңгейін көтеріп, шетелдік тараппен одан әрі талқылау қажет. Сондай-ақ халықаралық консультанттардың ұсынымы бойынша салық органдары тарапынан бизнеске ақылы және тегін консультациялар жүргізу тәжірибесін енгізу қажет деп санаймыз», - деп түсіндірді министр.
Сондай-ақ, министрлік «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігінің жұмысын қайта форматтап, оның жанынан өңірлерде филиалдары бар Инвесторларға қызмет көрсету орталығын құру қажет деп санайды.
Индира Қауметова