• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Б. Сағынтаев әкімдіктердің өңірлердегі эпизоотиялық жағдай мәселелеріндегі жауапкершілігін күшейтуді тапсырды 14.11.2016

«Баяндамалардан көріп отырғанымыздай, осы бағыт бойынша белгілі жұмыстар жүргізіліп жатыр, бірақ кемшіліктер де бар. Сондықтан жауапкершілікті күшейту бойынша шаралар қабылдау қажет. Қарама-қайшылықтар болмауы үшін, барлығын толық қарап, оған жол бермеу қажет. Сондай-ақ, кімнің не үшін жауапты екенін белгілеп, келесі жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту қажет», - деп тапсырды Б. Сағынтаев.

Екінші қозғалған мәселе – вакцинация мәселесі. ҚР Премьер-Министрі оны халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру қажеттілігін атап өтті.

«Қажетті құжаттама әзірлеп, бұл жұмысты заңнамалық деңгейде жүргізу қажет. Егер тиісті ақпарат болмаса, тиісті құзырлы органдарға тапсырмалар беру қажет. Әрине, бұл үлкен жұмыс – қалған 5 облыс бойынша біз сібір жарасынан шығуымыз қажет. Берілген уақыт кезеңінде мамыр айына дейін тиісті жұмыс жүргізілуі тиіс. Бізде күшті саясат болуы тиіс және біз осы бағыттағы жұмысты одан әрі ілгері жылжытуымыз қажет», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.


Back to the list