14.11.2016
«2014 жылы жүргізілген мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру барысында ветеринария саласындағы барлық іске асыру функциялары және 1097 штат бірлігі бар бақылау функцияларының үлкен блогы әкімдіктерге берілді. Нәтижесінде, қазіргі уақытта әкімдік бойынша ветеринариялық қызметтер штаты 15 936 бірлікті құрады, оның ішінде 9 569-ы ауылдық округтерде», - деп мәлімдеді ол.
Қ. Айтуғанов атап өткендей, Министрлікте ауыл шаруашылығы өнімін экспорттаумен және импорттаумен және ветеринария саласындағы әкімдіктердің қызметімен байланысты бақылау және үйлестіру функциялары, сондай-ақ саланы заңнамалық қамтамасыз ету функциясы қалды.
«Министрлікте ауыл шаруашылығы өнімін экспорттаумен және импорттаумен және ветеринария саласындағы әкімдіктердің қызметімен байланысты бақылау және үйлестіру функциялары қалды. Бұл 2919 бірлік, ол әкімдіктің ветеринария қызметі штатының 18%-ын құрайды», - деді ол.
Индира Қауметова