08.11.2016
«Медбикелер дәрінің тізімін үш айға жазып беруі кезекті қысқарта ма? Бұл орайда кешендік әдіс болуы керек. Медбикелерге қызметті ғана беріп қоймай, мәселені де шешу қажет. Әлем технологиялық үрдіске көшіп, мобильдік қосымшаларды қолдануда. Бұл мәселені Иманғали Тасмағамбетов қарастырсын. Бүгін айтылған барлық ұсынысты жинап алыңыз. Жеке-жеке әкімдіктер мен қатысушылармен талқылаңыз. Нәтижесін маған жеткізіңіз», - деді Б.Сағынтаев.
Ол мемлекеттік жеке меншік серіктесті саласына назар аударды.
«Аталмыш мәселе Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында бақылауда тұр. Сондықтан, мерзімге байланысты тағы бір реттеу жасау керек. Ұлттық экономика министрлігі бұл мәселеге назар аударуы қажет. МЖӘ бойынша барлық инвестжобаларды қараған дұрыс. Бізде стоматологиялар бойынша мемлекеттік қатысу қалған жоқ. Бұл орайда мемлекеттік жеке меншік серіктестікті қолданған жөн», - деді ол.