08.11.2016
«Британдық сарапшылармен бірлесіп, Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр (ҚҰФ) әзірленіп, енгізілді, ол Қазақстанда тіркелген дәрілік заттардың толық тізбесін, препараттардың клиникалық тиімділігі, ықтимал жанама әсерлері және шекті бағалары туралы ақпаратты қамтиды, осылайша, ол дәрігерлер үшін де, ел азаматтары үшін де үлкен анықтамалыққа айналды, медициналық ұйымға өз дәрілік формулярын қалыптастыруға, бейіні мен бағасына байланысты өз бюджетін дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді», - деді Т. Дүйсенова.
Министрдің айтуы бойынша, ағымдағы жылғы қыркүйекте 2017 жылға дәрілік заттарды сатып алу жүзеге асырылған.
«Дәрілік заттардың 90%-ы сатып алынды және 2017 жылғы қаңтарда «СҚ-Фармация» оларды әрбір медициналық ұйымға жеткізуге дайын», - деп қосты Т. Дүйсенова.
Ботагөз Айтжанова