08.11.2016
«Бағдарламаның бірінші бағыты міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізу уақыты 2017 жылдың басына бекітілген. Бұл орайда бюджет жобасында денсаулық сақтау саласына бағытталатын 2017-2019 жылдардың қаражаты республикалық деңгейге негізделген. Бұл шара бізге сақтандырудың бірыңғай инфрақұрылымдық жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «қаражат науқастардан» ұстанымын толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Т.Дүйсенова.
Министр айтып өткендей, әртүрлі тарифтер науқастарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік-маңызды аурулар бойынша қызмет көрсетуді таңдау еркіндігін ұсынбаған.
«Бүгінде МӘМС қорында нормативтік-құқықтық актілердің сәйкес жобалары әзірленді, олар Қордың жүйесін реттейтін болады. Сондай-ақ, МӘСМ енгізу бойынша республикалық және өңірлік штабтарда, барлық ЖОО-да жұмыскерлерді дайындау жүргізілуде. 2017 жылдың 1-ші сәуіріне дейін осы сынды курстар 45 мың жетекшіге жүргізіледі», - деді министр.
Ботагөз Айтжанова