• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жыл соңына дейін Қазақстанда 350 емхана мен дәрігерлік амбулатория салынады 08.11.2016

«Денсаулық сақтау жүйесі – әрбір адамға қатысты маңызды сала. Медициналық қызметтерге қолжетімділік пен олардың сапасы Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде мемлекет қаражатына 1300-ден астам денсаулық сақтау объектісі салынды, соның ішінде жыл соңына дейін 350 емхана мен дәрігерлік амбулатория салынады», - деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық өңірлерде кардиохирургиялық емдеу бөлімшелері ашылғанын, Қазақстанда алғаш рет жүрек пен миға ота жасала басталғанын атап өтті.

«Ағымдағы жылғы 8 ай ішінде Қазақстанға емделуге келген шетелдік азаматтардың саны 7,5 мың адамнан асты. Іске асырылған шаралардың нақты мақсаты – халықтың өмір сүруінің орташа  ұзақтығын ұлғайту, ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 67 жасты құраса, қазір 72 жасқа жеткен. 25 жыл ішінде біз өмір сүрудің орташа ұзақтығын 5 жылға ұлғайттық. Сонымен бірге, ана өлімі – 5 есе, балалар өлімі 3 есе азайған. Бұл өте үлкен жетістік», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list