• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
А.Мамин: 2016 жылы автожол инфрақұрылымын жаңғырту бойынша едәуір жұмыс жасалды 04.11.2016

Бұдан өзге, Шымкент – Ташкент учаскесінде (100 км, 4 жолақ), Алматы – Қапшағай (104 км, 6-жолақты қозғалыс) және Қапшағай – Талдықорған (141 км), Астана – Теміртау (171 км), Ақтау – Бейнеу (470 км, 4-жолақты қозғалыс) автожолдарында жол ашылады.

Қозғалыс 6,4 және 2 жолақ бойынша жүзеге асырылатын Астана – Көкшетау – Петропавл (489 км) дәлізі толық ашылды.

Еске салсақ, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының желісін, сондай-ақ жол бойындағы сервис нысандарын дамыту мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткен болатын. 

Кеңес барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Берік Қамалиевтің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатовтың, облыс басшыларының есептері тыңдалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Есептерге сәйкес, автомобиль жолдарын жөндеу бойынша барлық жоспарлар ағымдағы жылы орындалды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар 924 км автожолды жөндеу аяқталды.

2016 жылдың соңына дейін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінде тұтастай, «Орталық – Оңтүстік» дәлізінің Астана – Теміртау және Алматы – Қапшағай учаскелерінде қозғалыс ашылады. Батыста Ақтау – Бейнеу автожолында қозғалыс ашылады. Қазіргі уақытта Көкшетау – Петропавл автожолы ашылды. Қостанайдағы Тобыл өзені және Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін көпірлер пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы республикалық маңызы бар 1 200 км автожолда күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

2017 жылы республикалық маңызы бар 2 мың км-ге жуық автожолды жөндеу жұмыстарымен қамту және 555 км жолды пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде «Орталық – Шығыс» дәлізі бойынша – 208 км, Қапшағай – Талдықорған – 24 км, Бейнеу – Ақтау – 230 км, Қордай ауылындағы айналма жол – 40 км, Орал – Каменка – 27 км және Ақтөбе – Атырау – 26 км.


Back to the list