01.11.2016
«Көмірсутек шикізатының қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу – бұл Ұлт жоспарының 74-қадамы, біз Энергетика министрлігіне жүктелген барлық қадамдарды бұлжытпай орындап келеміз. Біз осы бағыттағы халықаралық тәжірибені талдадық, өзіміз үшін бағыт, SPE-PRMS мұнай қорларын бағалаудың халықаралық жүйесі бойынша нысаналы модель таңдадық», - деп мәлімдеді министр.
Ведомство басшысы еліміздің мемлекеттік теңгерімінде бүгін 4 млрд 847 млн 540 мың тонна мұнай, соның ішінде А, В, С1 бойынша 3 млрд 158 млн, ал С2 бойынша 1 млрд 689 млн тонна мұнай бар екенін атап өтті.
Оның айтуы бойынша, ЭЫДҰ барлық елдері осы халықаралық жүйені қолданады.
«Біз үшін жер қойнауын ұтымды пайдалану маңызды, бұл негізгі мәселе. Еліміз үшін алуға болатын қорлардың пайдалы бөлігі ғана емес, толық алынуы маңызды. Біз осы бағытта бірқатар жеңілдіктер жасаймыз, ол салық мәселелерін жеңілдету, атап айтқанда салық шекарасын барлау мен өндіру келісімшарты арасында бөлу туралы ұсыныс бар, тәуекелдер едәуір азаяды, осының барлығын біз пысықтап жатырмыз», - деп түсіндірді ол.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша ҚР ЭМ құзыреті шеңберінде саланы реформалау және озық технологиялар енгізу бойынша мұнай-газ саласындағы нақты қадамдарды іске асыру көзделетінін атап өту қажет.
Индира Қауметова