• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Премьер-Министр ҚХР-мен темір жолдың  транзиттік әлеуетін  дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды 01.11.2016

Бүгінде Қытай арқылы  темір жол транзиттік тасымалдаудың   11 пайызы жүзеге асырылады.

«Транзиттік әлеуетті дамытуға келетін болсақ. Біз жаңа баяндамадан қарадық,  11 пайыз ғана тұр. Меніңше,  бұл жұмысты күшейту қажет. Себебі, Ресей мен ОА өңірлері шекарасында ғана қалу біз күтетін  көлем емес», - деді ол.

Премьер-Министр айтып өткендей, аталмыш мәселені бақылауға алу керек.

«Қытайға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барған кезде  белгілі болғандай, Қорғас құрғақ порты арқылы  контейнерлік тасымалдау жүзеге асуда, алайда олар соңына дейін  толтырылмай кетеді.  Бұл орайда олардың қайта қайтып келмеуін қарастыру керек. Асқар Ұзақбайұлы,  бұл мәселені бақылауға алу керек», - деді Үкімет басшысы   өзінің бірінші орынбасары Асқар Мәминге.

Сондай-ақ, Б.Сағынтаев айтып өткендей, автотасымалдау  өте ауқымды жұмысты атқарып отыр, бірақ отандық тасымалдаушылардың халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болуы үшін автопаркті жаңғыртуға мүмкіндік беру керек.

«Біз автомобильдер паркінің жаңғыруы туралы айтқан болатынбыз.  Қазір ескі автомобильдерді қолданып жүрміз. Саырарқа, Автоөнеркәсіп  өз кезегінде  ИВЕКО-мен бірігіп Қазақстанда автокөлік жинаймыз деді, олар сол қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз ететін болады. Мүмкін жақын арада қиындықтар туатын шығар, алайда біздің отандық тасымалдаушылардың халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болуы үшін автопаркті жаңғыртуға мүмкіндік беру керек», - деді ол.  

Индира Кауметова


Back to the list