01.11.2016
«Біз елдің ішкі тасымалы бойынша тариф мәселесі бар екенін көріп отырмыз. Әсіресе, Астана – Алматы бағыты. Экономика министрлігі сараптау жұмысын жүргізді, қазіргі жағдай қандай екеніне көз жеткізу керек», - деді Премьер-Министр Қуандық Бишімбаевқа.
Ұлттық экономика министрі айтқандай, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметі өз бағасын табуға әрекет жасап жатыр, алайда нәтиже әлі жоқ.
«Астана – Орал, Астана – Алматы бағыттары бойынша тарифтің өсуі шынымен байқалып отыр. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметі өз бағасын табуға әрекет жасап жатыр, алайда нәтиже әлі жоқ. Өкінішке қарай, компания рейстердің өз бағасын беруден бас тартып отыр. Мен «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің мүшесі ретінде ресми түрде қорға өтінім жіберуді көздеп отырмын. Ол мәліметтер бойынша, түпкілікті шешім шығарылады», - деді министр.
Б.Сағынтаев бұл мәселені жыл соңына дейін жүзеге асыру қажеттігін айтты.
«Меніңше, ақпаратты алу мәселесі қиын емес. Монополияға қарсы заңнама аясында жұмысты аяқтау керек. Мәселенің мән-жайын тыңғылықты білуіміз керек. Егер де субьективтік сәттер болып, монополияға қарсы кіріс қолданылатын болса, заңнамаға сәйкес шешім қабылдаймыз», - деді Б.Сағынтаев.