• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанның әуе компаниялары жылына 250 мыңнан астам транзиттік жолаушыларды тасымалдайды 01.11.2016

«Қазіргі уақытта отандық әуе компаниялары Қазақстан аумағы арқылы жылына 250 мың жолаушы тасымалдайды, бұл күн сайын 900-ден астам транзиттік жолаушыны құрайды. Бұл көрсеткіш тұрақты өсуді көрсетеді және 2010 жылдан бастап 10 есе ұлғайған», - деп хабарлады министр.

Астана әуежайының инфрақұрылымын жаңарту және Алматыда хаб құру жөніндегі тапсырманы іске асыру, сондай-ақ халықаралық бағдарлар мен қазақстандық әуе компанияларын дамыту есебінен 2020 жылға қарай транзиттік жолаушылар ағымының үш есе өсуі қамтамасыз етіледі.

Транзиттің болашағы бар бағыттары Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай және Үндістан елдерінен жолаушылар ағымы болып табылады.

«Мысалы, Қытайдан көшпелі туристер саны жыл сайын орта есеппен 110 млн адамды құрайды», - деп қосты Ж. Қасымбек.

Бүгінгі күні Астанадан тікелей ұшулар 5 халықаралық қаржы орталығында орындалады: Франкфурт, Лондон, Дубаи, Гонконг, Сеул және басқа қалалар (Вена, Париж, Абу-Даби, Пекин, Стамбул, Үрімші, Бангкок, Шарджа, Минск, Мәскеу, Баку, Ташкент, Киев, Бішкек, Тбилиси). 2019 жылы  Токиомен, Сингапурмен, Шанхаймен, 2020 жылдан бастап Нью-Йоркпен қатынас ашу жоспарланып отыр.  

Қазақстан жолаушылар тасымалы бойынша ТМД қатысушы елдері арасында екінші орын алады. 2015 жылы Астана (10-орын) және Алматы (6-орын) әуежайлары қызмет көрсетілген жолаушылар саны бойынша ТМД мүше мемлекеттердің ең ірі халықаралық әуежайларының қатарына енді.

«Ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында біз соңғы жылдары ААХҰ ескертулерін алу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. 23 қарашада Брюссельде министрліктің ұшу қауіпсіздігінің жағдайы туралы соңғы есебі ұсынылады. Біз барлық әуе компанияларынан шектеулерді алу туралы шешім қабылданады деп сенеміз», - деді министр.


Back to the list