25.10.2016
«Жергілікті атқарушы органдар 64 проблемалық мәселе енгізді, оның ішінде 27 мәселе республикалық бюджеттен 222,7 млрд теңгенің қаржыландыруын қажет етіп отыр. Проблеманың көп бөлігі көлік инфрақұрылымсына байланысты болып отыр. Сондай-ақ, өңірлер инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруға қаражат сұрап отыр, сумен қамту (38,4 млрд теңге), өнеркәсіпті дамыту (34,2 млрд теңге), қоршаған ортаны қорға мен ТЖ-ның алдын алу (11,7 млрд теңге), білім беру (9,6 млрд теңге), денсаулық сақтау (1,2 млрд теңге), ветеринария (0,2 млрд теңге) құрады», - деді Қ.Бишімбаев.
Көлік инфрақұрылымы бойынша 5 өңір проблемалық мәселе енгізді, 78,2 млрд теңгеге қаржыландыру қажет болып отыр. Ең ірі жоба Алматы облысына тиесілі, ол 59 млрд теңгені құрап отыр.
«Алматы облысының әкімдігі ірі жоба (Алматы қаласының 6 көшесін ҮАААЖ-ға кіргізу) ұсынып отыр. Ол 59,0 млрд. теңге. Бұл жобаны ҮАААЖ құрылысы аяқталғаннан кейін қарауды орынды деп есептейміз. Атырау облысының әкімдігі 2016-2018 жылдары 11,3 млрд теңгеге қаржыландыру үшін тағы бір жоба («Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» облыстық жолын жөндеу, 123 км) ұсынды. Батыс Қазақстан облыстық жолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен жыл сайын 7 млрд. теңгеден бөлуді сұрайды. Қызылорда облысы әуежайды жаңғыртуға 0,8 млрд. теңге сұрап отыр» - деп атап өтті министр.
«БҚО жыл сайын облыстық жолдардың жөнделуіне 7 млрд теңгеден бөлуді сұрап отыр. Қызылорда облысы әуежайды жаңғыртуға 0,8 млрд теңге сұрап отыр», - деді министр.
5 өңірдің инфрақұрылымдық саласы бойынша 49,2 млрд теңгенің жобасын қаржыландыру қарастырылған. Ірі жобалар – Астана қаласының ІІД жеке құрамын орналастыру үшін нысан құрылысы (21,7 млрд теңге), Алматы облысындағы Нұркент жаңа қаласының инженерлік инфрақұрылымын қаржыландыру (11,3 млрд теңге), Қызылорда облысында 3 елді мекеннің су беру құбырын салуды (11,2 млрд теңге) жүзеге асыру қарастырылған.