• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Әкімдіктерге жергілікті бюджетті жерасты суларының қорларын барлауға пайдалану қажет – ҚР АШМ 18.10.2016

«ҚазСуШар» балансында халық саны 1 млн адамнан астам 495 ауылдық елді мекенге (АЕМ) су беретін 26 топтық су құбыры бар. Соның ішінде «ҚазСуШар» 180 АЕМ-ге қызмет көрсетеді, қалған 315-іне әкімдіктердің коммуналдық кәсіпорындары қызмет көрсетеді. Алайда, халықты тәулігіне 24 сағат бойы ауыз сумен қамтамасыз етуге олардың барлығы бірдей қабілетті емес. Оның себебі балансында су құбыры желілері бар коммуналдық пайдалану кәсіпорындарының мүмкінсіздігі болып табылады. Осыған байланысты, топтық су құбырларына қосылған 315 елді мекенді 2021 жылға дейін «ҚазСуШар» уақытша қызмет көрсетуіне алу мәжбүрлі шара ретінде ұсынылады. Осы уақыт ішінде әкімдіктер сумен жабдықтау жүйелеріне тиісінше қызмет көрсету үшін коммуналдық кәсіпорындардың қажетті пайдалану учаскелерін құрып, жоғарыда көрсетілген жыл өткеннен кейін оларды қайта коммуналдық меншікке қабылдауы тиіс», - деді Қ. Айтуғанов.

Вице-министр атап өткендей, әкімдіктерге топтық су құбырларына қосылмаған АЕМ-ге коммуналдық кәсіпорындар күшімен ішкі резервтер есебінен халыққа су беруді сағат бойынша ұлғайту бойынша жұмыс жүргізу қажет.

«Алға қойылған міндеттерді іске асыруға жерасты суларының барланған қорларының болуы әсер етеді. 2014 жылдан бастап әкімдіктерге барлау жүргізуді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру мүмкіндігі берілген болатын, алайда, әкімдіктер өз қаражатын салмай, республикалық бюджетке сенеді. Әлеуметтік маңызды бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне көзделген мерзімде қол жеткізу үшін барлау жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажет деп санаймыз», - деп қосты вице-министр.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list