• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қ.Айтуғанов: Облыс әкімдері ауыл шаруашылығы кооперативін құруға немқұрайлы қарайды 18.10.2016

«28 шілде мен 30 тамыз аралығында барлық облыстар мен аудандарда  аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл әкімдерінің қатысуымен  шараларды жүзеге асыру механизмдері түсінірілді. Оның ішінде кооперативтерді құру мен оларды қаржыландыру мәселесі де бар. Әкімдік тарапынан түсіндіру  жұмыстары барлық өңірде, аудандарда өткізілуі тиіс. Облыс әкімдері ауыл шаруашылығы кооперативін құруға немқұрайлы қарайды. Кооперативтерге орташа есеппен  3-4 қатысушы тартылады. Қорытындысында, ауыл шаруашылығымен айналысып отырғандарды толық кооперативпен қамту  жүзеге аспайды», - деді Қ.Айтуғанов.

Жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға бағытталған қаржылық құралдар мәселесі де көтерілді. Жаңа қаржылық құралдар ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, Ынтымақ – ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, Игілік – ауыл шаруашылығы малдарын өсіру, Бірлік – сүт қабылдау пункттерін құру, Береке – отбасылық бордақылау алаңдары. Өз кезегінде, аталған мақсаттар үшін Үкімет бұған дейін 31,8 млрд. теңге қаражат бөлген еді.

«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микронесиелерге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ЖҚЖ-2020 бекіту бойынша Үкімет қаулысына бір мезетте берілетін несие мөлшерін 16 млн-ға арттыру және несиелендіру мерзімін 7 жылға дейін ұзартуды қарастыратын толықтырулар енгізілуде», - деп ойын жалғады Қ.Айтуғанов.

Бұдан әрі бірінші вице-министр елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы жағдаймен таныстырып өтті.

Вице-министр айтып өткендей, әкімдіктердің қалауымен қазан айынан бастап министрлік ауыл әкімдеріне арналған оқыту семинарларын өткізеді.Семинарлар Қарағанды, ШҚО, Жамбыл және Алматы, Павлодар облыстарында өткізілді. Барлығы  966  қызметкерді  жергілікті атқарушы органдар оқытты.15 қарашада  2 мың  400 әкімді оқыту үрдісі аяқталады.

Ботагөз Айтжанова 


Back to the list