• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚДБ Қазақстандағы сумен жабдықтау жөніндегі МЖӘ жобаларын қаржыландыруға дайын 18.10.2016

«Қыркүйекте ҚДБ директорлар кеңесі Қазақстанның даму банкі МЖӘ жобаларын іске асыруға қатысуы тиіс екені туралы шешім қабылдады, сондай-ақ облигациялар сатып алу арқылы жобаларды инвестициялау туралы шешім қабылданды», — деп мәлімдеді Б. Жәмішев.

ҚДБ басшысының айтуы бойынша, тарифтер туралы мәселе әрқашан өзекті, сондықтан, мұндай жобаларға қатысудағы мемлекет мүддесі осы сандарды бақылау болып табылады.

«Жаңа тұрғын үйлерді енгізу және сумен қамтамасыз етудің және су тартудың жаңа желілерін салу үнемі талап етілетіндіктен, бұл мемлекетте қалуы тиіс, яғни жаңа желілердің құрылысы бюджет қаражаты есебінен салынуы тиіс. Бірақ сумен қамтамасыз ету және су тарту бойынша МЖӘ жобалар қалыптастырылған жағдайда ол басқарушы компаниялар құру арқылы болуы тиіс. Басқарушы компанияның тиісті инвестициялық бағдарламасы болуы тиіс, сондай-ақ ол осы жобаларды іске асыруға өз қаражатымен ішінара қатысуы тиіс», — деп түсіндірді ҚДБ төрағасы.

Бұл жағдайда ҚДБ жобаның іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржыландырушы ұйым бола алады. Одан басқа, ҚДБ мұндай жобалардың ұлттық валютада қаржыландырылуын қадағалайды, себебі валюталық тәуекелдер тарифтерге өте сезімтал болып келетін жүйеге қаражат салуға мүмкіндік бермейді.

«Осы мәселелерді тиісті біліктілігі бар ҚР ҰЭМ жанындағы МЖӘ орталықтарымен бірге пысықтауды әкімдіктерге ұсынар едім, осындай біліктілік «Бәйтерек» шеңберінде де дамуда, екі ұйым да қолдауды қажет етеді. Біз осының барлығына қатысуға дайынбыз», — деп мәлімдеді Б. Жәмішев.


Back to the list