• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
АШМ: Жыл соңына дейін  150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады (ФОТО) 18.10.2016

«Елбасы бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту  және ауыл халқын жұмыспен қамту  бойынша тапсырма берген болатын.  Биылғы жылдың  28 маусымында Үкімет отырысында аталмыш шараны жүзеге асыру бойынша іс-қимылдар таныстырылды. Министрлік облыс әкімдіктерімен  және Денсаулық сақтау, әлеуметтік даму   министрлігімен  бірігіп үшжақты кезеңдік жоспар түзілді. Шараларды жыл соңына дейін жүзеге асыру көзделген», - деді ол.

Оның айтуынша, шараларды жүзеге асыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.

«28 шілде мен 30 тамыз аралығында барлық облыстар мен аудандарда  аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл әкімдерінің қатысуымен  шараларды жүзеге асыру механизмдері түсінірілді. Оның ішінде кооперативтерді құру мен оларды қаржыландыру мәселесі де бар. Әкімдік тарапынан түсіндіру  жұмыстары барлық өңірде, аудандарда өткізілуі тиіс», - деді Қ.Айтуғанов.

Вице-министр айтып өткендей, әкімдіктердің қалауымен қазан айынан бастап министрлік ауыл әкімдеріне арналған оқыту семинарларын өткізеді.Семинарлар Қарағанды, ШҚО, Жамбыл және Алматы, Павлодар облыстарында өткізілді. Барлығы  966  қызметкерді  жергілікті атқарушы органдар оқытты.15 қарашада  2 мың  400 әкімді оқыту үрдісі аяқталады.

Бұдан бөлек, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға бағытталған қаржылық құралдар мәселесі де көтерілді. Жаңа қаржылық құралдар ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, Ынтымақ – ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, Игілік – ауыл шаруашылығы малдарын өсіру, Бірлік – сүт қабылдау пункттерін құру, Береке – отбасылық бордақылау алаңдары.Өз кезегінде, аталған мақсаттар үшін Үкімет бұған дейін 31,8 млрд. теңге қаражат бөлген еді.

Ботагөз Айтжанова

Сурет: Бауыржан Жуасбаев 


Back to the list