10.10.2016
«Жекешелендірудің проблемалы мәселелері бойынша. 12-ге жуық объект үшінші саудадан кейін сатылмады. Бұл ретте ережелерге сәйкес тарату басталмаған. Мысалы: СҚО-да – 4 объект; Қостанай облысында – 3 объект; Алматы облысында, Атырау облысында және ШҚО-ДА – 1 объектіден; инвестициялар және даму және мәдениет және спорт министрліктерінде – 1 объектіден», - деді Б. Сұлтанов.
Одан басқа, министр атап өткендей, алғашында мәлімделген жоспар орындалмауы мүмкін.
«Жыл соңына дейін 551 объект қойылуы тиіс еді, ал қойылғаны – 515. Артта қалған облыстар: Павлодар облысы – 7 объект, Алматы облысы - 5, ШҚО – 2 және Ақмола облысы – 2. Оның негізгі себебі – объектінің сату алдындағы уақтылы дайындалмауы», деп түсіндірді ведомство басшысы.
«Мысалы, осы жылға жоспарланған 154 коммуналдық объектінің ішінен 70%-ын қызығушылық туғызбайтын объектілер құрайды: спорттық клубтар, ТКШ қызметтері, аудандық газеттер, тілдерді оқыту орталықтары», - деп айтып өтті Б. Сұлтанов.
Осыған байланысты, министрлік әкімдіктерге әлеуметтік аспектіні ескере отырып, тарату рәсімдерін жылдамдатылған қарқынмен бастауды, ағымдағы жылға арналған жоспарды орындау бойынша мониторинг және тұрақты бақылау жүргізуді ұсынды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға кейіннен сауда-саттыққа қою үшін ведомстволық бағынышты кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қысқа мерзімде аяқтауды тапсыруды ұсынды.
Ботагөз Айтжанова