10.10.2016
«Теңгізшевройл» және ҚР Үкіметі, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері арасында жасалған, осы жобаларды іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумдарды ескере отырып, әкімдіктерге ТШО-мен бірлескен, жылдар бойынша және жұмыс түрлері бойынша бөлінген және жұмысшылардың босатылу тәуекелі бар мұнай сервисі компаниялары жобаларының жұмыс көлемі ұсынылған, босатылатын жұмысшыларды жұмысқа, соның ішінде мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар іске асыратын жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет деп санаймыз», - деді Т. Дүйсенова.
Сонымен бірге, ол осы жобаның іске асырылуы бәсеңдеген жағдайда, Атырау облысында босатылған жұмысшыларды жұмысқа орналастырудың екінші нұсқасы әзірленгенін атап өтті.
2016 жылы іске асырылатын даму жоспары шеңберінде босатылуы болжанған 2 мың 490 жұмысшының ішінен 1 мың 223 адам индустрияландыру бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы» және «Агробизнес 2020» шеңберіндегі жобаларға тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылады. 2017 жылы орталық органдармен және ЖАО-мен бірлесіп, 1 мың 314 жұмысшының ішінен 641 жұмысшыны тұрақты жұмыс орындарына орналастыруды жоспарлап отырмыз», - деп қосты Т. Дүйсенова.
Министрдің айтуы бойынша, осылайша, жұмысшылардың босатылу тәуекелі туындаған жағдайда, 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын өңірлерде «ТШО» қол қойылған меморандумдар қолданылады. Сонымен бірге, мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобалар, кәсіптік оқыту, қайта даярлау мен уақытша жұмыс орындарына жіберу және шағын несиелер беру бөлігінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» тетіктері.
Ботагөз Айтжанова