• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2016 жылы Қазақстанда 14,3 млрд теңгенің 96 нысаны жекешелендірілді 10.10.2016

«2015 жылғы 30 желтоқсанда Үкімет 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын бекітті және:   мемлекеттік меншіктегі басым ірі объектілер мен квазимемлекеттік сектор меншігіндегі объектілер тізбесін (ТОП-65)», - деді Ұлттық экономика министрі.

 Бұл экономиканың мұнайгаз, теміржол, атом, энергетикалық және өзге салаларының ұйымдары; «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 173 объектілерінен тұратын тізбені.

««Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының активтерін өткізу Қорда және оның еншілес компанияларында жүргізіліп жатқан Трансформациялау бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады; 545 ұйымдардан тұратын 2014-2016 жылдардағы жекешелендірудің екінші толқыны объектілерінің өзектендірілген тізбесін қамтитын 783 ұйымнан тұратын тізбені айқындады (бұдан әрі – өзектендірілген тізбе)», - деді ол.  

Бұл тізбе республикалық, коммуналдық меншік, сондай-ақ ұлттық холдингтер мен компаниялардың объектілерін қамтиды. ТОП-65 және «Самұрық-Қазына»-ның 173 компаниясын жекешелендіру мәселелері Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда қарастырылады.

«Қордың 217 компанияларының ішінен 129, оның ішінде ТОП-65 ішінен 2-еуі бойынша шешімдер қабылданды. 2016 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша Кешенді жоспардың 96 аквтиві 14,3 млрд. теңге сомаға сатылды. 2016 жылы Қазақстанда 14,3 млрд теңгенің 96 нысаны жекешелендірілді», - деді ол.

 

 

 

 


Back to the list