• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Салық жүктемесін төмендету жөніндегі шаралар мұнай сервисін дамытуға серпін береді – Энергетика министрлігі 10.10.2016

«Министрлік тұрақты негізде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізеді. Осылайша, 2015-2016 жылдары 8 учаске бойынша конкурс өткен, олар бойынша қол қойылған бону сомасы 2,359 млрд теңгені құраған. Қазіргі уақытта біз ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне келесі жылы конкурсқа шығарылатын 67 учаске бойынша ұсыныстар бердік», — деп хабарлады Қ. Бозымбаев Үкімет отырысы барысында.

Министрдің айтуы бойынша, учаскелер бойынша конкурстардың көпшілігі 2017 жылдың бірінші айларында өтеді.

Одан басқа, Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялар тарту бойынша мұнай сервисі жұмыстарын жандандыру үшін, теңіз жобаларының салық жүктемесін оңтайландыру, жер қойнауын пайдалануға жаңа келісімшарттар үшін бір заңды тұлға аясында барлау және өндіру келісімшарттары арасындағы салық шекараларын «бұзу» тетігінің мүмкіндіктерін қарау, жетілген, сарқылмалы кен орындары бойынша қолданыстағы келісімшарттардың өндіру көлемдерін ұлғайтуды ынталандыру бойынша, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған келісімшарттар бойынша коммерциялық анықтау бонустарының күшін жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Министрдің айтуы бойынша, салық жүктемесін төмендету жөніндегі осы шаралар да мұнай сервисін дамытуға серпін береді. 


Back to the list