10.10.2016
Министр айтып өткендей, бұл орайда министрлік бірқатар жұмыс атқаруда.
Сондай-ақ, оның айтуынша, ірі операторлардың сатып алу үрдісінде қайта біліктілікті арттыру бойынша уақытты ұзарту талап етілуі бойынша шағымдар түсті. Министрліктің бастамасымен «Алаш» бірыңғай мәліметтер базасы құрылды. Бұл жүйе отандық жер қойнауын пайдаланушыларға үш оператор арқылы «бір терезе» бойынша өтуге мүмкіндік береді.
«Қазақстандық тауарларды жеткізуде бәсекелестікті арттыру бойынша министрліктер жұмысты жалғастырып жатыр. «Алдын ала тендерлер» бойынша тәжірибені енгізу қарастылып жатыр. Бұл қазақстандық компания тендерді ұтып алған жағдайда елдегі қажетті өнім үшін жауапты болады деген ұғым», - деді Қ.Бозымбаев.
Сондай-ақ, Энергетика министрлігі шетелдік қатысуы бар мұнай-газ компанияларына тексеріс жүргізді. Тәртіп бұзғандарға 620 млн теңгенің айыппұлы салынды.