05.10.2016
«ИИДМБ жобаларын қаржыландыру мақсатында Ұлттық қордан 2014 жылы 75 млрд теңге бөлінді. 150 млрд теңге мөлшеріндегі Қазақстанның даму банкінің өз қаражаты мен тартылған қаражатын есепке алғанда бұл сома 225 млрд теңгеге дейін өскен. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚДБ 216 млрд теңгеге 10 жобаны мақұлдаған, соның ішінде қарыз алушылар бүгінгі таңда 155 млрд теңге алған. Ағымдағы жылғы шілдеде экономиканың қосымша шараларын қолдау шеңберінде мемлекеттік комиссия шешімімен өңдеу өнеркәсібіндегі субъектілердің айналым капиталын қаржыландыруға 155,3 млрд теңге бөлінген, 137,4 екінші деңгейлі банктерде орналастырылған», - деп ақпараттандырды Л. Ибрагимова.
Оның айтуы бойынша, 30 қыркүйектегі жағдай бойынша осы бағдарлама бойынша 40,6 млрд теңге сомасына 81 жоба мақұлданған, соның ішінде 29,7 млрд теңге сомасына 65 жоба қаржыландырылған.
«Игеру жалғасуда, мемлекеттік комиссияның шешімі 1 қаңтарға дейін созылды, салалар тізбесі кеңейтілді және барлық өңірлердің кәсіпкерлері осы бағдарлама шеңберінде айналым капиталын алу үшін ЕДБ-ге өтініш білдіре алады», - деді Л. Ибрагимова.