• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Б.Сұлтанов: Жергілікті атқарушы органдар  бюджетті игеру бойынша  9,7 млрд теңгеге қалыс қалды 05.10.2016

«Жергілікті бюджеттер бойынша 9,7 млрд теңге игерілмей қалуы мүмкін. Аталған проблеманың негізгі себебі – тиісті процедуралардың кешіктірілуі. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алуларды өткіз мерзімі зерделенді», - деді ол.

Министр айтқандай,  бүгінде жергілікті жерде мемлекеттік сатып алулар саласында 18 млрд. теңгенің келісімшарттары әлі рәсімделмеген немесе тіркеуге алынбаған.

«Аталған қаржының басым бөлігі Қызылорда (3,5 млрд.), Ақтөбе (2,5 млрд.), Ақмола (1,9 млрд.), Маңғыстау (1,7 млрд.) мен Атырау (1,6 млрд) облыстарына тиесілі. Жылдың аяғына дейін уақыт аз, 62-ақ күн қалып отыр. Ал ол ақша бойынша конкурстар өткізіп, қорытынды жасап, келісімдерді рәсімдеп, аванс беріп үлгеру қажет. Сосын атқарылған жұмыстардың нәтижесін күту керек», - деді Б.Сұлтанов.

 


Back to the list