05.10.2016
«ТКШ жаңғыртуын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері жылу және сумен қамту жүйелерінің ескіру деңгейін түсіру болып табылады, 2014 жылы 67 пайыздан 2020 жылы 53 пайызға жеткізу және тұтынушыларға ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту қарастырылған. Бұл мақсаттарға 2015 жылы 60 млрд теңге, 2016 жылы 90 млрд теңге қарастырылған, 75 млрд теңге бюджеттік несиелеуге, 15 млрд теңге табиғи монополиялар субъектілерінің шығынын субсидиялауға бағытталды», - деді Қ.Бишімбаев.
Министрдің айтуынша, 2015 жылы 385,3 км желі қайта жөнделіп, 170 км жылумен қамту желісі болса, 213 км су жіберу құбырлары.
«2016 жылы жоспарлық көрсеткіш 65 пайызды құрайды. Инженерлік желілердің ескіру деңгейі 63 пайызға дейін төмендеді. Сондай-ақ, аталмыш бағыт бойынша ЖФО жобалары жүзеге асырылып жатыр», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова