27.09.2016
Биыл Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 6 кодекс пен 15 заңға өзгерутлер енгізуді қарастыратын заң жобасын әзірледі.
««Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» заң жобасы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түсімді тағы жарты жылға шегеруді ұсынып отыр. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жұмыс берушілердің түсімдері 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап емес, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылады. Мемлекет белсенді емес халықтың салымдарын жарты жылға кейін, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырады», - деді Т.Дүйсенова.
Бұл уақыт аралығында қор құрылады. Денсаулық сақтау шығындары республикалық деңгейде реттеледі, қор медициналық қызметтің бірегей стратегиялық сатып алушысы ретінде таныстырылады. Заң жобасын Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мақұлдады.
«Барлық әлеуметтік топ бұл мәселені талқылап, сіздің кездесуіңізден кейін қорытынды құжат шығаруы керек. Біраз уақыттан соң бұл мәселеге қайтып ораламыз», - деді Б.Сағынтаев.