• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н. Назарбаев: Бізге жұмыссыздық деңгейінің өсуі  мен халықтың шынайы табысының төмендемеуін болдырмау  маңызды 11.02.2015

«Барлық жасайтынымыз - жаңа жұмыс орындары, мен барлық орталық органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрайтыным қай аймақ жаңа жұмыс орындарын ашумен жақсы айналысатынын қадағалау және жеткізу. «Нұрлы жол», «ЭКСПО - 2017», баспана, ТКШ жаңғырту - мұның барлығы жаңа жұмыс орындарын ашуға арналған.  Оның артында қарапайым халыққа қомқорлық көрсету жатыр», - деді Елбасы.

Н. Назарбаев атап өткендей, жұмыс ол әрбір азамат үшін жақсы өмір сүрудің негізгі көзі.

Бұдан басқа, Қазақстан Президенті атап өткендей, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы үлкен жетістікке жетті және оның арқасында мыңдаған қазақстандықтар жұмыс тапты

«Біз өз тиімділігін дәлелдеген «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын қатыстырмай-ақ бұл жұмыс орындарын сақтап қалуымыз керек. Оның арқасында 2011-2014 жылдар аралығында 260 мың адам жұмысқа орналастырылды және тағы 120 мыңы оқып білімін арттырды», - деді Елбасы.

Индира Кауметова


Back to the list