11.02.2015
«Ағымдағы жылы Павлодарда Дүниежүзілік банкпен бірлесіп қауіпті қалдықтарды жою бойынша зауыттың құрылысын бастау жоспарлануда. Осы жылы экология мен жасыл экономика мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі», - деді министр.
Ол еске салып өткендей, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бойынша бағдарлама бекітілген.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Атыраудағы арнайы экономикалық аймақ аумағында полимерлі өнімді өндіру бойынша алғашқы жоба іске қосылады.
Балхаш ЖЭС-тың, Екібастұз ЖГЭС-2-нің үшінші энергоблогының құрылысы мен Сырдария СЭС мен ҰЭЖ жаңғырту жұмыстары жалғасады. Алматы облысының Курчатов қаласы мен Үлкен ауылы маңында АЭС құрылысы бойынша жоба алды жұмыстары өз жалғасын табады.
Камила Амирова