11.02.2015
«Осы жылы 26 млн 700 мың мұнай өндіру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы ТШО-ны кеңейту бойынша шешім қабылдануы тиіс. Кеңейтуге енген жаңа нысандардың тапсырылуы 2021 жылға созылды. Бұл бізге мұнай өндіруді 38 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, 20 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді», - деді министр.
Оның айтуынша, Қашағандағы жаңартылған коммерциялық мұнайдың өндірілуі 2016 жылдың екінші жартысында басталады.
«2014 жылы сұйық көмірсутекті өндіру 11 млн тоннаны құрады, газ 17 млрд текше метрді құрады, 105 пайыз жоспардан көбейтілді. Бүгінгі таңда кен орнын одан әрі дамытудың тұжырымдамасы әзірленуде», - деді В.Школьник.
Камила Амирова
Суретке түсірген Азамат Алиев