11.02.2015
«Отандық кәсіпорындарды тапсырыспен қамтамасыз ету жолында сапар барысында ұлттық компаниялар, жүйе құрушы кәсiпорындар, әкiмдiктер арасында тауарлардың отандық үлесiн кеңейту бойынша жалпы сомасы 960 млрд теңге болатын 121 меморандумға қол қойылды», - деп мәлімдеді Б.Сағынтаев.
Аталып өткендей, мұнай бағасының төмендеуiн ескере отырып, өңiрлердегі кездесулер барысында кәсiпкерлер үкiмет тарапынан жедел шешiмiн табуы тиiс қосымша мәселелердi көтердi.
«Бiрiншiден, кәсiпорындарға электр энергиясы мен темiр жол тасымалдары тарифтерiне төмендетiлген коэффиценттер беру арқылы тауар өндiрушiлерге сауда нысандарына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету жағынан нақты қолдау көрсету керек. Бұл мәселелер 2015 жылға арналған кәсiпорындарды қолдау шаралары аясында қарастырылады. Жеке кәсiпорындар бойынша электр энергиясы мен темiр жол тасымалы тарифтерiне жеңiлдiктер беру, темiр сынықтары мен құрамында алтын бар шикiзатты сыртқа шығаруға 5 ай уақытша тыйым салу жөніндегі мәселелер жедел түрде шешiлдi», - деп толықтырды ол.
Б.Сағынтаев хабарлағандай, екiншiден, ұлттық компаниялар мен жүйе құрушы кәсiпорындармен ұзақ мерзiмдi келiсiмдер жасау және жергiлiктi қамту бойынша талаптарды күшейту арқылы өнiмдердiң сатылуын қамтамасыз ету мәселесi көтерiлдi.Үшіншіден, жұмыс істеп жатқан жобалар бойынша айналым қаражатын қаржыландыру және банктердің несиелендіруін арттыруға рұқсат беруде назардан тыс қалмады.
Индира Кауметова