11.02.2015
«Әлемдегі дағдарыс пен саяси проблемаларға қарамастан біз 2014 жылды жақсы нәтижелермен аяқтадық. Үкіметке дағдарысқа қарсы мағынада шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді. Мемлекеттік басқару жүйесінде кең ауқымда реформа жүргізілді. Мемлекеттік қызметтерді реформалау бойынша жұмыстар жалғасуы керек болатын, алайда бұл мәселеде кідірістер бар»,- деді Елбасы.
Президент еске салып өткендей, елімізде өткен жылдың 1 қазанынан бастап үкіметтің 60 функциясы министрліктер мен әкімдіктер деңгейіне берілді.
«Өткен жылдың 11 қарашасындағы Жолдауда мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын жариялаған болатынмын. Оның мақсаты заманауи инфрақұрылымды іскерлік белсенділіктің арқасында арттыру», - деді Елбасы.
«Қазақстандық экономикада дағдарыс жоқ. Жаһандық дағдарыс ішкі факторларға ие», - деді Президент.
Камила Амирова