• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Б.Сағынтаев кәсіпкерлермен бизнес ахуалды жақсарту шараларын  талқылады 30.01.2015

Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады, кездесу барысында мемлекеттік орталық органдар басшылары Үкіметтің республикадағы бизнес ахуалды жақсарту бойынша өткізіп жатқан реформаларын түсіндірді.

Атап айтқанда, құрылыс және жер ресурстарын басқару саласындағы шараларды жетілдіру, электрмен қамту жүйесіне қосылу, кәсіпорындарды ашу және жабу шараларын жеңілдету, жеке және атқарушы өндірісті тіркеу, кеден шараларын жеңілдету, салық салу және банкрот мәселелері қаралды.   

Сондай-ақ, «Даму» қоры «Doing Business Kazakhstan» кәсіпкерлеріне арналған сайтты таныстырды.

Бұдан өзге, кездесу шеңберінде Алматы қаласы әкімдігі, ұлттық компаниялар мен жергілікті мазмұнды дамыту бойынша отандық тауар өндірушілер арасында, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі, жұмыс берушілер мен  жұмыс орындарын сақтау және өндіріс үдерістерін тұрақтандыру бойынша кәсіби одақтар арасында меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

 

 

 


Back to the list